Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы желтоқсан айында да теңгеге қысым түсетінін болжап отыр. Бұған ықпал етіп отырған ішкі және сыртқы факторлар сарапталып көрсетілген. Қауымдастықтың талдауынша, Ұлттық банктің шетел валютасын сату көлемін азайтуы теңге бағамын тұрақтандыруға қосымша шараларды талап етуі мүмкін.
Валюта нарығы
Ұлттық валюта бұл аптада қатты әлсірей бастады. Дүйсенбі, 2 желтоқсан күні бір доллар 524,79 теңгеге дейін өсті. Сауда көлемі де едәуір ұлғайған. 425,7 млн доллар сатылған.
«Экономика министрі Нұрлан Байназаровтың мәлімдемесіне қарағанда, негізгі себеп – сыртқы факторлар. Оның ішінде рубльдің әлсіреуі, мұнай бағасының түсуі мен АҚШ доллары индексінің өсімі де бар. Десе де, қараша айында...