Алматыдағы арнайы қабылдау орталықтарына қоқыс өткізіп, купон алып, кейіннен оны кофе, бургер, донер немесе пиццаға айырбастауға болады.
«Қалада басталған «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында «Қоқысты кофеге/снэк айырбаста» акциясы өтеді. Акцияның өткізу мерзімі: 2024 жылғы 15 сәуір – 8 мамыр», – делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.
«Қоқысты кофеге/снэк айырбаста» жобасы – қала тұрғындарын сыйлық купондарының орнына қайталама шикізатты жинауға және қайта өңдеуге тапсыруға ынталандыратын экологиялық бастама. Акция қалдықтармен байланысты мәселелер және оларды қайта өңдеудің маңыздылығы туралы хабардар болуға бағытталған.
Акцияға қатысушылар макулатура, пластикалық бөтелкелер, алюминий банкалар, шыны бөтелкелерді қоса алғанда, қайта өңдеу үшін белгілі бір мөлшерде қайта өңдеуге арналған шикізатты...