Ақмола облысы Степногорск қаласындағы ЖЭО жылу энергиясын өндіруді азайтып, тұрғындар тағы да жылусыз қалды. Энергетика министрлігі тексеру жұмыстарын бастады.
«KEGOC» АҚ электр беру желісінің ажыратылуына байланысты Степногорск ЖЭО жылу энергиясын өндіруді азайтты. Жылу электр орталығында технологиялық бұзушылықтар жоқ»,– делінген министрлік хабарламасында.
Қазіргі таңда жылу электр орталығына электр қуатын беру қалпына келтіріліп, жылу желісіндегі температураны көтеру жұмыстары басталып кеткен.
Тұтынушыларды жылумен қамтамасыз етудің бұзылуын болдырмау үшін желілік судың айналымы ұйымдастырылған.
Аталмыш факті бойынша Энергетика министрлігінің Ядролық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті тексеру жүргізуді бастаған.
Еске сала кетсек, 10 желтоқсан күні «ЕкібастұзЖылуЭнерго» ЖШС Екібастұз жылу электр орталығында апат...