Үкімет не себепті лудоманияға қатысты заң жобасын қабылдамай жатыр? Триллиондаған қаражат жатқан заңсыз табыс көзін заңмен реттеуге үкімет неге құлықсыз? Мәжіліс депутаттары осы сұрақтардың жауабын іздеп, өздері әзірлеген заң жобасының 1,5 жыл бойы қабылданбауының себебін сұрады.
«Осыдан тура 1,5 жыл бұрын үкіметке заң жобасын ұсынған болатынбыз. Бұл заң жобасын әріптестерім әзірледі. Заң жобасы букмекерлік кеңселердің қызметін реттеп, құмар ойындарға тәуелділікпен күресуге тиіс болған. Президент 2023 жылдың қыркүйегінде Қауіпсіздік кеңесін өткізді. Мемлекет басшысы Қазақстанда проблема бар екенін айтты. Түрлі бейресми деректерге сүйенсек, ондағы қаражат айналымы триллион теңгеден асады. Бірақ үкімет бұл заң жобасын 1,5 жылдан бер...