Қазақстанда зиянды жағдайда жұмыс істейтін азаматтарға төленетін шетелдік компаниялардың өтемақысы мемлекеттік нысандардың өтемақысынан 2 есе көп.
Статистика комитетінің ақпаратына сүйенсек, Қазақстанда 1,69 миллионға жуық адам зиянды және қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейді. Олардың ішінде 697 мыңға жуық адам зиянды жағдайдағы жұмысы үшін өтемақы алады. Өтемақыға бір жыл ішінде шамамен 255,2 млрд теңге жұмсалды.
Бір қызығы, өтемақы алатын қызметкерлердің ең жоғары үлесі шетелдік кәсіпорындар жұмысшылары арасында тіркелген. Шетелдік кәсіпорында істейтін азаматтар жоғары өтемақы алады.
Мемлекеттік нысанда зиянды жағдайда жұмыс істейтіндер саны 499,9 мың адам, оның ішінде 209,8 мыңға жуық адам немесе 42%-ы өтемақы алады. Мемлекеттің бір адамға төлейтін өтемақысы орташа деңгейде айына...