Алматыда ауласында кішкентай баланы көлік қағып, қайтыс болғаннан кейін «Асыл арман» тұрғын үй кешенінің тұрғындары көшеге шығып, әкімдікке бірнеше талап қойды.
Іргелі ауылында оқушыларды тасымалдайтын көлік артқа жүріп келе жатқанда мектеп оқушысы дөңгелектің астында қалған. Оқиғадан кейін «Асыл арман» тұрғын үй кешенінің тұрғындары жиналып, әкімдікке қарсылық білдірді.
Тұрғындардың айтуынша, олар осы кешенге көшіп келген кезден бастап, он жыл бойы мектеп салуға өтініш жасап келген. Бірақ шенеуніктер тек уәде беріп келген. Балалар жақын маңдағы ауылдардағы мектепке баруға мәжбүр болған.
Қайтыс болған оқушы көпбалалы отбасының үлкен ұлы болған. Бірнеше күннен кейін 9 жасқа келуі керек еді.
«Балалар автобусқа...