Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арақатынасы туралы теріс ақпараттар жиі тарайды. Әсіресе, кейінгі жылдары көрші елден Қазақстан туралы ұшқары пікір айтатындар көбейді. ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров кейінгі жылдары ел бірлігіне сызат түсетін ақпараттың көбейгені аңғарылатынын айтты.
– Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасы тең дәрежеде. РФ – стратегиялық әріптесіміз. Осыған байланысты әртүрлі құралдарды пайдаланып, фейк ақпараттар тарату күшейіп келе жатқанын байқаймыз. Бұл жағымсыз үрдіс бірте-бірте ұлғайып келеді, – деді Айбек Смадияров.
СІМөкілі РФ Мемлекеттік дума депутаттарының пікірін ресми мәлімдеме деп қабылдамау керек деп санайды.
– Мемдума депутаттары өздерінің электораты үшін жауап беретін...