Түркия су тасқынына байланысты Қазақстанға көмек көрсетуге дайын. Бұл туралы елдің Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Ведомство ресми сайтында 7 сәуір күні ауқымды су тасқынына байланысты Қазақстан халқына көңіл айту хаты жария болды. Түркия Қазақстанға кез келген қажетті көмекті көрсетуге дайын екенін атап өткен.
«Біз Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі жойқын су тасқыны байланысты қатты қайғырамыз. Су тасқыны ауыр зардаптарға әкеліп соқты. Он мыңдаған қазақстандық бауырларымызды эвакуациялауға мәжбүр етті. Біз Қазақстан халқына және Үкіметіне көңіл айтамыз. Түркия табиғи апаттан зардап шеккен халыққа қажетті кез келген көмекті көрсетуге дайын», – делінген СІМ мәлімдемесінде.
Осыған дейін Қырғызстан Қазақстанға 270 тонна гуманитарлық көмек жөнелткен. Қазақстанның су тасқынынан зардап шеккен өңірлерінің тұрғындарына...