Toyota 2025 жылы сатылымға шығатын электроседанының концепт нұқсасын көрсетті. Жаңа автокөлік қытайлық GAC брендімен бірлесіп жасалған.
Toyota мен GAC жолға қоятын көлік bZ7 деп аталады. Темір тұлпар аккумулятормен жүретін концепт-кар болады. Бірақ келесі жылы жапон-қытай бірлескен кәсіпорны модельдің сериялық өндірісін бастауды жоспарлап отыр. Дегенмен жаңа электромобильдің техникалық сипаттамасы әлі белгісіз.
Toyota bZ7 Қытайда сатып алуға болатын bZ3 аккумуляторлы седанды еске түсіреді. Алайда жаңа өнім бұрынғыға қарағанда үлкенірек болып көрінеді. Модельдің дизайны нақты магистральдық пішінімен ерекшеленетін заманауи фастбектер стилінде жасалған.
Сонымен қатар концепт автокөлік ерекше пішінімен және шеткі сызықтарымен, сондай-ақ контрасты шатырымен ерекшеленеді. Оптикасы мен жарық шамдары Toyota Prius стилінде жасалған.