Бұдан былай елімізде мемлекетке қайтарылған жерлерді бөлу мақсатында өтетін конкурстардың шарттары қайта қаралатын болады. Пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді алып қою мәселелері жөніндегі комиссия отырысында премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин осындай тапсырма берді. Жалпы жыл басынан бері ауыл шаруашылығы мақсатындағы 391,2 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Пилоттық режимде мемлекеттік жер кадастрының және техникалық зерттеудің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі 2.0 жер пайдаланушының есептік жазбасы құрылды. Онда топырақтың (қарашірік, жылжымалы минералдар) және өсімдік жамылғысының жай-күйінің жоғары сапалы агрохимиялық сипаттамасы бар жер учаскесі туралы ақпарат болады. Оны ұтымды пайдалану критерийлеріне сәйкестігін қамтамасыз ету үшін бес жыл сайын учаскені зерттеу жұмыстары...