Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілген жоқ. Елдімекендерді әлі де су басып жатыр. БҚО, СҚО, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай облыстары әлі де қарғын сумен күресіп жатыр.
Батыс Қазақстан облысында Жайық өзені мен сол маңдағы шағын өзендер арнасынан шығып аймақтағы елдімекендерге қауіп төндірді.
Батыс Қазақстан әкімдігінің хабарлауынша, Оралдағы Шаған және Деркөл өзендері қауіпті деңгейден асып кеткен.
«Деркөл өзенінің гидробекетінде судың деңгейі 708 сантиметрді құрады. Қауіпті деңгей 600-650 см. Ал Шаған өзенінің гидробекетінде 1264 см құрады. Сонымен қатар Жайық өзенінің деңгейі бүгінгі күні 583 см-ді құрады. Шаған мен Деркөл өзені максималды деңгейде бір арнада тоғысты. Жайық өзенін...