30 қаңтар түнгі сағат 03:03 пен таңғы сағат 04:27 шамасында Алматыда жер тербелді. Екі тербелістің де негізгі ошағы Қытайда болған.
Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, сағат 03:03 кезінде болған дүмпудің тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 278 шақырым жерде, Қытай аумағында. Зілзаланың энергетикалық санаты — 10.5. MPV магнитудасы — 4.5. Тереңдігі — 10 шақырым. Алматыда сезілмеген.
Екіншісі таңғы 04:27 кезінде Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 293 шақырым жерде, Қытай аумағында тіркелген. Энергетикалық санаты — 13.3. MPV магнитудасы — 5.8. Тереңдігі — 10 шақырым. Жер сілкінісі алматылықтарға 2 балл көлемінде сезілген.
Ведомствоның жазуынша, бұл дүмпулердің барлығы 23 қаңтарда болған жер сілкінісінен кейінгі афтершок.
Еске сала кетер болсақ, 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы уақытымен 00 сағат 09 мин 02 сек жер сілкінісі тіркелді. Жер...