Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Қайрат Сатыбалдыұлы қылмыстық жолмен алынған ақшаны жылыстатуға қатысты айыпты мойындады.
Бұл жолы оған «қылмыстық жолмен тапқан ақшаны жылыстатқан» деген айып тағылып отыр. Мемлекеттік айыптаушы, Астана қаласы прокуратурасының басшысы Елдар Нұрмахановтың мәлімдеуінше қаржылық қылмыс 2018-2022 жылдар аралығында «ТехАльянс» ЖШС-нің қатысуымен жүзеге асырылған.
Сатыбалдыұлы өз бақылауындағы «ТехАльянс» ЖШС-ні пайдалана отырып, кәсіпкерлік қызметтен түсетін пайдасын ұлғайтуды көздеген. Ол аталмыш компания көмегімен 2018-2022 жылдар аралығында қылмыстық жолмен алынған ақшаны жылыстата отырып, заңсыз қолма-қол ақша жасаған. Мұндай қылмыстық кіріске Қазақстан мен шетелден құрылыс нысандары мен жылжымайтын мүлік сатып алған. Сонымен бірге бұл қаржатқа Қазақстан Республикасының аумағындағы...