Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Бозымбаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын», – делінген жарлықта.
Мәжіліс Премьер-министрдің орынбасары лауазымына Қанат Бозымбаевтың кандидатурасына келісім берді.
«Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына Қанат Бозымбаевтың кандидатурасы келісілді. Мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды», – делінген хабарламада.
Премьер-министрдің жаңа орынбасары өңірлік саясат, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, төтенше жағдайлар және...