Қытайдың Xiaomi корпорациясы өзінің алғашқы электромобилін сатылымға шығара бастады. SU7 маркалы электр көлігінің конфигурациядағы бағасы 29 900 АҚШ долларын құрайды. Бұл туралы ВВС сайты хабарлады.
Технологиялық алпауыт корпорацияның бас директоры Лэй Цзюнь стандартты SU7 моделінің бағасы 215 900 юань, (29 872 АҚШ доллары; 23 663 Фунт стерлинг), ал максималды нұсқасы 299 900 юань тұратынын айтты. 12 наурыз күні корпорация SU7 сатылымының басталғанын жариялағанда, Гонконгтағы Xiaomi акциялары 12%-ға қымбаттаған.
Жол талғамайтын көлік Tesla-ға қарағанда жылдамдақты тез үдетуге қабілетті «суперэлектр қозғалтқыш» технологиясына ие. Сарапшылардың айтуынша, Xiaomi танымал телефондары мен басқа да электрондық құрылғылары бар автомобильдің жалпы операциялық жүйесі компанияның тұрақты клиенттеріне...