Астаналықтарға жер сілкінісі туралы уайымдауға себеп жоқ. Бұл туралы үкімет отырысынан кейінгі брифингте Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.
Журналист министрден: «Алматыда болған жер дүмпуі неге Астанаға дейін жетті? Себебін түсіндіре аласыз ба?», – деп сұрады.
«Жер асты дүмпуі, сейсмикалық толқын айтарлықтай қатты болды. Рихтер шкаласы бойынша сілкініс 6,5-7 баллды құрады. Жер асты думпуі Орталық Қазақстанға да әсер етті. Ол оңтүстіктен солтүстікке бағытталды. Сондықтан әлсіз болса да оны Астана тұрғындары да сезінді», – деп жауап берді Саясат Нұрбек.
Ғылым және жоғары білім министрі жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан және Қытай шекарасында болғанын атап өтіп...