2023 жылы қытайлық смартфондар мен телекоммуникация жабдықтарын өндіруші Huawei Technologies жылдық есебін жариялады. Компания соңғы төрт жылдағы рекордын жаңартқан. Технологиялық алпауыттың табысы бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 9,63% өсіп, 704,2 миллиард юаньға (97,48 миллиард доллар) жетті. Бұл туралы Reuters хабарлайды.
«2022 жылы кіріс 0,9% өсті. 2021 жылы компанияның чип қорлары таусыла бастағанда көрсеткіштер төмендеді. 2020 жылы пайда 3,8% өсті, ал 2019 жылы ол 19,1%-ды құрады. 2023 жылдың аяғында табыс 2020 жылғы 891,3 миллиард юань шыңынан төмен болды. Бұл ретте көрсеткіштің өсуіне тұтынушылық бизнес ықпал етті. Оның кірісі 17,3%-ға өсіп, 251,49 миллиард юаньға (34,8 миллиард доллар) жетті», – деп жазылған есепте.