Елімізде су тасқыны болып жатқан аймақтардағы халықты құтақруға әскери ұшақтар қосылды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.
Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының жергілікті тұрғындарына Әуе қорғанысы күштері әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері барды.
Адамдарды құтқаруға Ми-171Ш, Ми-17 және Ми-8 көліктік-жауынгерлік тікұшақтарының экипаждары кірісті.
«Қостанай облысында әскерилер Қызылжұлдыз, Екідін елді мекендерінде және жақын маңдағы су басқан қыстақтардан 102 адамды, оның ішінде 32 баланы эвакуациялады. Ұшу аралығы – 130-150 шақырым. Әскери ұшқыштардың ұшу тапсырмасы – су тасқынынан зардап шеккен жергілікті тұрғындарды іздеу және оларды көшіру», – делінген хабарламада.
Ұшқыштар күрделі ауа райында 400 шақырым қашықтықты...