АҚШ-тың Wedbush инвестициялық компаниясының ақпаратына сүйенсек, Apple Қытайдағы смартфондар нарығындағы үлесін екі есеге арттыра алады. Биылғы жылы елдегі iPhone сатылымының төмендеуіне қарамастан, Wedbush компаниясы Apple акцияларының рейтингі мен бағасын сақтап отыр.
Толығырақ
«Apple компаниясы сатылымның төмендеуіне және қатаң бәсекелестікке қарамастан қытайлық смартфондар нарығында өз үлесін екі есеге арттыра алады», – деп хабарлады Wedbush Securities сарапшылар тобы. Дегенмен, iPhone күздегі сатылымының басталуына дейін Қытайдағы қиындықтарды, соның ішінде күрделі макроэкономикалық жағдайды және Huawei бәсекелестігіне төтеп беруі қажет.
«Apple басшысы Тим Куктың Қытайға сапары Apple ставкаларын екі есе арттыруға ықпал жасады. Оның бұл сапары маңызды. Өйткені Apple Қытайға мұқтаж, ал Қытай Apple -ге...