Биыл «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының жиынтық табысы 2023 жылмен салыстырғанда екі есе қысқарған. Аралық қаржы есебіне сәйкес, 2024 жылдың 9 айында қор 21,6 млрд теңге жиындық табыс алса, 2023 жылдың жылдың сәйкес кезеңіндегі пайдасы 42,4 млрд теңгегі құраған болатын.
Компанияның жыл басына берғы пайдасының қысқаруына шығының артуы әсер еткен. Мәселен, 2023 жылдың сәйке кезеңінде қаржы құралдарын нарықтан төмен мөлшерлеме бойынша бастапқы танудан болатын таза шығын 2,7 млрд теңге болса, биыл ол 4 есе өскен. Нәтижесінде 11,2 млрд теңге шығын қалыптасқан.
Сонымен қатар қаржы есебінде биыл кредит міндеттемелер резервін қалпына келтіру теріс мәнге өткені байқалады. 2023 жылы бұл көрсеткіш...