Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке қатысты сот үкімі туралы ақпаратты бірінші болып жариялаған Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи бұл шешімді сынға алды.
Оның пікірінше «Ескі Қазақстанның» «Жаңа Қазақстанға» ықпалы бар. Ол соттың Самат Әбішті 8 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы шешімін «күлкілі жағдай» деп санайды.
Мәжіліс кулуарында Ермұрат Бәпи Самат Әбіш ісіне қатысты пікір білдірді.
«Соттың шешіміне баға бере алмаймын. Азаматтық пікірімді айтатын болсам, Самат Әбіш қылмыстық жауапкершілікке тартылды деген кезде прокуротура тарапы «қызметін асыра пайдаланды» деген бап бойынша жауапқа тартылды деп мәлімдеген. Ал енді айналып келгенде «сиырқұйымшақтатып» жіберген сияқты. 8 жылға шартты түрде...