Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы пирамидасы белгілері бар ұйымдардың кеңейтілген тізімін жариялады.
Тізімде 274 компания бар. Олардың ішінде «Газпроминвестхолдинг» ЖШС платформасы», «ҚазМұнайГаз инвестициялар» интернет жобасы және «Forte Invest» интернет жобасы тұр. Бұл – белгілі инвестициялық компаниялардың атын пайдаланатын алаяқ құрылымдар.
Тізімдегі компаниялардың кепілдік берілген кірісті (мүліктік пайданы) төлеуге уәде беріп, азаматтар мен ұйымдардан ақша тарту бойынша қызмет белгілері бар. Оның ішінде іс-әрекеттеріне ҚНРДА-ға азаматтардан шағымдар түскен.
«Азаматтардың, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау үшін агенттік жосықсыз қызмет белгілері бар ұйымдар, оның ішінде іс-әрекетіне ҚР азаматтарының ҚНРДА-ға шағым келіп түскен ұйымдар бойынша ақпаратты тұрақты негізде...