Ұлттық экономика министрінің орынбасары Бауыржан Омарбеков мемлекеттік органдардың ірі бизнесті аз, шағын және орта бизнесті көп тексеруінің себебін түсіндірді.
Бас прокуратураның ақпаратына сүйенсек, былтыр ірі бизнесті тексеру азайған. Ал шағын және орта бизнесті тексеру көбейіп кеткен. Осыған байланысты Үкімет кулуарында вице-министр шағын бизнесті тексеру көрсеткішінің неліктен артып кеткенін түсіндірді.
«Қазіргі таңда кәсіпкерлікті қолдаудың нәтижелері арқасында экономикада шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі ұлғайып келе жатыр. Қазір 36,5%-ға жетті. Алдағы уақыттағы мақсатымыз 40%-ға жеткізу. Сол себепті ірі бизнестің саны шағын және орта бизнестің санына шаққанда аз болғандықтан, жалпы тексеру көлемін есептегенде шағын және орта бизнесті тексеру көп болып...