Сенат депутаты Андрей Лукин Абай облысының Курчатов қаласында АЭС-ті салуды ұсынды. Бұл жайлы депутат Сенат отырысында премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған сауалында айтты.
Лукин Семей ядролық полигонында сынақ жүргізілген тұста Курчатов қаласында атом энергетика саласына қатысты біршама ғылыми орталықтар жұмыс істегенін айтады. Сол орталықтар әлі күнге дейін жұмыс істеп келеді және қала бюджетінің тең жартысы осы ғылыми нысандардың салықтық түсімдерімен толығады. Депутат ғылыми орталықтардың осы мүмкіндіктерін АЭС салуда тиімді пайдалану қажет деп санайды.
«Атомдық энергетика саласын дамытуда Курчатов қаласының рөлі зор болмақ. Мұнда атом энергетикасын дамытуға барлық мүмкіндіктер бар. Болашақта осы аумақта атом электр...