АҚШ-тағы ірі бұқаралық ақпарат құралдары президент сайлауы аяқталған аймақтардағы дауыс нәтижелерін жариялай бастады. Алдын ала санау нәтижесінде Республикалық партияның өкілі Дональд Трамп айқын басымдықпен алда келеді.
Миллиардер Дональд Трамп 270-тен астам сайлау алқасының дауысын жинап, АҚШ президентінің сайлауында Демократиялық партия кандидаты Камала Харристен озды.
FoxNews телеарнасының ақпаратына сүйенсек, Трамп межелі 270 сайлау алқасының дауысын жинап, тіпті асып түскен. Басылым Трампта 277 сайлау дауыс, Харристе – 226 дауыс бар деп есеп шыққан. Reuters жазуынша, өкілдер палатасының спикері Майкл Джонсон Дональд Трамп АҚШ-тың заңды сайланған президенті деп мәлімдеген.
Елде дауыстарды санау әлі жалғасуда. Трамп өз жақтастарымен кездесу өткізу үшін Флоридаға...