21-25 наурыз аралығында 2024 жылдың ең ұзақ мерекелік демалыстары басталады. Осы апта қазақстандықтар небәрі 3 күн жұмыс істейді.
Қазақстанда Наурыз мейрамын тойлау аптасы басталды. Бұл мерекеде қазақстандықтар бес күн қатарынан демалады. Алматы мен Астанада Наурызға орай 700-ден астам іс-шара өткізу жоспарлануда.
Елорда тұрғындары 21-22 наурызда қалалық алаңда, EXPO аумағында, «Қазақ елі» монументінің жанында, «Бәйтерек» монументінің алаңында, орталық саябақта және тұрғын алаптарда өтетін «Наурыз – Береке» іс-шараларына қатыса алады. Сондай-ақ 21 наурызда халықаралық көрме орталығында көшпелі өркениеттер фестивалі өтуі мүмкін.
23 наурызда сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін «Жер Сағаты» халықаралық экологиялық акциясы және «Тазалық эстафетасы» жобасы шеңберінде «Тазару» жалпыұлттық экологиялық акциясы өтеді.
Бұған...