Алматы қаласының әкімдігі қалалық ЖРТ (LRT) мен Алматы-3 вокзалын жобалауға шамамен 700 млн теңге жұмсауды көздеп отыр. Екі жоба бойынша баға ұсынысын қабылдау жүріп жатыр.
«Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ЖРТ-ны жобалауға қатысты 343 826 111 теңгеге конкурс жариялаған.
Конкурс құжатында Алматының қала шегінде 2,1 млн-нан астам тұрғыны және Алматы агломерациясында 3,3 млн-нан астам тұрғыны бар, Қазақстанның оңтүстік-шығысында қарқынды дамып келе жатқан мегаполис екені айтылған.
«Одан әрі тұрақты өсу үшін Алматыға заманауи және дамыған қоғамдық көлік жүйесі қажет. Қазірдің өзінде Алматының қоғамдық көлігін күнделікті пайдаланатын жолаушылар саны күніне 1 млн-нан асады, ал...