Ливанда әскери қақтығыс аймағында қалған қазақстандықтар аман-есен елге оралды. Бұл жайында Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Таяу Шығыс өңіріндегі шиеленістің күшеуіне байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанның тиісті мемлекеттік органдардың қатысуымен Ливаннан ҚР азаматтарын және олардың отбасы мүшелерін елге эвакуациялау шаралары жүзеге асырылды»,- делінген хабарламда.
СІМ ақпаратынша, аталған операция Ыстанбұл және Дубай қалалары арқылы ұйымдастырылған. Нәтижесінде 17-31 қазан аралығында Бейруттан Астана мен Алматы қалаларына 41 адам дін-аман жеткізілген. Министрлік эвакуация әскери қақтығыс аймағында қалған Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында жүргізілгенін атап өтті.
Қазан айының басында Израиль ескертуінен кейін, Еуропа...