Енді кәсіпкерлік субъектілерді ревизиялау және тексеру үшін прокурормен міндетті түрде келісу қажет. Сонымен қатар азаматтардың қылмыстық істерін негізсіз тіркеуге тыйым салынады. Осылай деп мәлімдеген Әділет министрі Азамат Есқараев еліміздегі азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған заң жобасын таныстырды.
Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланып жатыр.
Қоғамның конституциялық құндылықтары мен қылмыстық-құқықтық қорғауды күшейтуді көздейтін заң жобасында 3 негізгі мәселе қамтылған. Азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды күшейту, қылмыстық процестің бәсекелестігін нығайту және қылмыстық процесті оңтайландыру және «бюрократиясыздандыру».
Заң жобасын таныстырған министр азаматтар мен кәсіпкерлерд...