Биткоинның рекордтық өсімі шамамен 1500 жаңа әмиян иесін «миллионерге» айналдырады. Әмиян – пайдаланушылар криптовалютаны сақтай алатын Bitcoin blockchain-дегі сандық мекенжайлар.
Әмиянда сақталған биткоин саны сынды деректер қолжетімді. Мекенжайлар анонимді, бұл жеке немесе заңды тұлғалардың бақылауында екенін анықтауды қиындатады.
Bloomberg ақпаратына сүйенсек, криптовалюта осы жылдың өзінде-ақ қаңтар айынан бастап биржалық сауда қорларына деген сұраныстың артуынан шамамен 70% өсті. Осы жылы 1 наурызға дейін 1691 әмиян иесі «миллионерге» айналған.
Биткоин бағасы дүйсенбіде 71 000 доллардан асып, рекордтық деңгейге жетті. Дүйсенбіде Ұлыбританияның қаржылық қадағалау органы цифрлық активтер саудасы өнімдеріне жол ашқан. Орган инвестициялық биржаларға криптовалютамен қамтамасыз етілген биржалық облигацияларды шығаруға рұқсат беретінін хабарлады.
Reuters ақпаратына сүйенсек, биткоин еуропалық саудада рекордтық 71 677 долларға дейін...