EgovMobile мобильді қосымшасы арқылы жеке деректеріне қатысты хабарлама алған азаматтар Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне жүгінуі керек. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі осындай хабарлама таратты.
«Егер сіз хабарлама алған болсаңыз және «МҚҰ Robokesh.kz» ЖШС-нің жеке деректерін жинауға және өңдеуге келісім бермеген болсаңыз Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне жүгінуіңізді сұраймыз. Бұл кінәлі тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қажетті шараларды толық қарастыру және қабылдау үшін қажет», – деп хабарлады ведомство.
ҚР Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 79-бабына және 641-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес...