2024 жылы Қазақстанда коммуналдық тарифтер 15-30 пайыз қымбаттайды. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдеді.
«Коммуналдық тарифтер әр өңір, нысан, инфрақұрылымның тозуына байланысты әртүрлі қымбаттайды. Баға 15-30 пайыз көтеріледі» , – деді министр.
Қуантыровтың айтуынша, бүкіл коммуналды сала: электр энергиясы газ, су, кәріз, жылудың бағасы кезең-кезеңімен қымбаттайды.
Биыл жазда электр қуаты мен су, жылу бағасы қымбаттады. Сол кезде министр осы саладағы мамандардың жалақысын көтеру үшін тариф қымбаттайды деген еді. Өйткені айлығы аз болған соң, білікті мамандар басқа салаға кетіп жатыр.
Коммуналдық тарифтер өсуінің тағы бір себебі – жылу электр станциялары...