Қазақстан жасыл желекке бөленген елдер рейтингінде 78 елдің ішінде 72-орында тұр. Сенатор Советбек Медебаев елдегі экологиялық жағдайдың мәз емес екенін мәлім етті. Қазақстан экологиялық тиімділік рейтингінде Aфрика елдерінен де төмен тұрғанын айтты.
Сенаттың жалпы отырысында депутат ауаның, судың және топырақтың шамадан тыс ластану проблемаларын айтып берді. Оның айтуынша, Қазақстанда Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Жезқазған және Теміртаудағы ауа жоғары деңгейде ластанғаны байқалады. Оның бәрі адамдардың өмірі мен денсаулығына кері әсер етеді.
«Жезқазған және Сәтпаевтағы өндіріс орындарында зиянды газдарды сүзетін қондырғыларды жаңартуды дер кезінде жүргізбесе, экологиялық жағдай күрт нашарлауы мүмкін. Қазіргі уақытта Жезқазған өңірінде негізгі су көзі – Кеңгір су қоймасы...