Қазақстанда 21 және 22 наурыз Ұлыстың ұлы күні ретінде атап өтіледі. Осы күні күн мен түн теңесіп, Жаңа жылдың келуін білдіреді. Тек қазақтар ғана емес көптеген ұлттың сағына күтетін мерекесінің шығу тарихы, мерекені тойлаудағы ырым-нанымдар мен Наурыз көже жайында qalam баспасы материалында баяндалған.
Мерекенің шығу тарихы
Мереке атауы ежелгі Иранда қалыптасқан екен. Ол көне парсы сөздерінің қосындысынан, яғни «ноу» — жаңа, «руз» — күн сөзінен пайда болған. Сондықтан көбісі оны әуел бастан таза ирандық мереке ретінде есептеген.
Наурыз мейрамы тарихи Иран аумағынан бастау алмайды. Ол заманауи Иран Ислам республикасының аумағынан неғұрлым ауқымды. Оның бастауы едәуір...