Қазақстанда шағын несие беру тәрбітінде өзгеріс енгізілмек. Енді микронесиені электронды түрде алғысы келгендер биометриялық тексерістен өтуі тиіс. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Электрондық тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларын бекіту туралы» қаулыға өзгеріс енгізбек.
«Ашық НҚА» порталында жарияланған құжатта микронесие берерде енді биометриялық сәйкестендіру жүргізілетіні жазылған.
«Клиентті жеке кабинетте тіркеу кезінде СДАО қызметін пайдалану арқылы биометриялық сәйкестендіру жүргізіледі немесе микроқаржы қызметін ұсынатын ұйымның құрылғысы арқылы алынған биометриялық деректер пайдаланылады», – делінген қаулыда.
Клиентті жеке кабинетке тіркеген соң, қарыз алушы жеке кабинетіне қайтадан кіру үшін токен, смарт-карта немесе бір реттік құпиясөзді қолдана алады...