Гонконг сотының шешімі әлемдегі ірі құрылыс компанияларының бірі China Evergrande-ні жауып тынуы мүмкін.
Reuters ақпаратына сүйенсек, сот компанияның 300 млрд доллар қарызын өтеуге қатысты шешім шығарған. Шешімді Линда Чен есімді судья қабылдаған. Оның айтуынша, компания бірнеше айлық кідірістерге қарамастан, нақты қайта құрылымдау жоспарын ұсына алмаған. Сол себепті осы шешімді қабылдауға мәжбүрлеген. Осылайша қарызын өтей алмаған компания біржола жабылып қалуы мүмкін.
240 млрд доллар активі бар China Evergrande компаниясының жабылуы Қытайдағы жылжымайтын мүлік нарығына айтарлықтай өзгеріс алып келеді. Сарапшылар алдағы уақытта тұрғын үй бағасы күрт құбылуы мүмкін деп болжап отыр. Инвесторлар мен тұтынушылардың сенімін жоғалтқан жағдайда Қытай экономикасы тежеліп қалатынын да баса айтып жатыр.
Осыған дейін Сингапур...