Мәжіліс депутаттары су тасқынынан зардап шеккен шаруалардың ауыл шаруашылығы мақсатында алған несиелерін төлеуді 3 жылға дейін шегеруді ұсынды. Төменгі палата депутаттарының атынан премьер-министрге сауал жолдаған Мақсат Толықбай елдегі су тасқыны бойынша қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты бірнеше ұсыныс жолдады.
Депутат тасқын салдарынан еліміздің тең жартысы су астында қалғанын мәлімдеп, Үкіметтің көп уәдесі көлкіп суға кеткенін айтты. Және бұл жағдайға «жылда қайталанатын әдетке айналды» деп баға берді.
«Тасқынға тас-түйін дайынбыз, төтенше жағдай болса төтеп береміз» делінетін көпірме баяндамалардан көк тиын пайда жоқ. Осыған байланысты Мәжілістің бір топ депутаты су басқан өңірлерге барып, мән-жайға тікелей қанықтық. Тұрғындармен кездесіп...