«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің Тараз қаласынан Түркістан облысының шекарасына дейінгі аумақта қарлы боранға байланысты жол жүру мүмкін емес. Ауа райының қолайсыздығына байланысты 900-ге жуық жеңіл және жүк көліктері жолда қалған. Бұл жайлы Жамбыл облысының әкімдігі хабарлады.
Тараз қаласы маңында 350 жүк көлігі мен 50 жеңіл автокөлік тұр. Байзақ ауданындағы Ақшолақ станциясында 100 жүк көлігі тоқтап тұр. Т.Рысқұлов ауданы Ақыртөбе ауылының маңында 200 көлік және Қордай ауданы Қайнар ауылында 200 автокөлік тоқтатылған.
«Жүргізушілер мен жолаушылар тиісті қажеттіліктермен қамтамасыз етілуде. Жергілікті атқарушы органдардың, полицейлер, төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері тұрғындарға тиісті көмек...