Батыс Қазақстан облысында су тасқыны қаупіне байланысты Жайық өзенінің бойындағы саяжайларда газ бен электр энергиясы өшіріледі.
Облыстық әкімдіктің ақпаратына сүйенсек, Ресей Федерациясының Ирикла су қоймасынан судың мол келуіне байланысты жақын күндері Жайық өзенінің деңгейі көтеріліп, су тасқыны болуы ықтимал.
«Су тасқыны ықтималдығына байланысты Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі №188-V Заңының 56-бабына сәйкес, қауіпсіз жағдайлар жасау мақсатында Жайық өзені жайылмасында орналасқан саяжайларда газ және электр энергиясы бүгіннен бастап сөндіріледі», – делінген хабарламада.
Облыстық әкімдік тұрғындардан қауіпсіз жерге көшуді талап етті.
Уақытша орналасатын үй болмаған жағдайда, аумақта эвакуациялық пунктер барын хабарлады:
Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт...