Жайық өзеніндегі су деңгейі 771 сантиметрге жетті. БҚО төтенше жағдайлар департаменті мен Орал қаласының әкімдігі орталық тұстағы тұрғындар эвакуацияға қамдануы керек екенін мәлімдеді.
Орал қаласының Коминтерн, Курени, Самал, облыстық экологиялық-биологиялық орталық (Жас натуралистер станциясы), облыстық аурухана (Елизаров көшесі) аудандарындағы тұрғындар шұғыл түрде эвакуацияға дайындалуы қажет.
«Барлық отбасы мүшелері жеке құжатын, ақшасы мен бағалы затын, қажет дәрі-дәрмек секілді эвакуацияға қажетті заттарды дайындасын.
Жақын жердегі уақытша орналастыру пунктерінің мекенжайын Орал қаласы әкімдігі, БҚО төтенше жағдайлар департаменті, Орал қаласы төтенше жағдайлар басқармасының ресми сайттарынан, Яндекс, 2Gis қосымшаларынан нақтылауға болады.
8 (7112) 55-40-88 сенім телефоны және 101, 112 шұғыл...