Енді мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылып жұмыстан шыққан судьялар мемлекеттік қызметтен толықтай шеттетілмейді. Олар мемлекеттік қызметтен екі жылға ғана шектеледі. Мәжіліс депутаттары тиісті заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Оған себеп – Конституциялық Сот «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңының мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін қызметтен босатылған азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруіне шексіз тыйым салуды белгілеу бөлігін Конституцияға сәйкес емес деп таныған.
Бұл орайда Конституциялық Сот заңда мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы құқық бұзушылықтар үшін тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шараларынан туындайтын құқықтық шектеулердің сай келмейтінін атап...