Алматыда бұдан былай IV санаттағы тұрғын үйлер салынбауы мүмкін. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.
Осы ретте IV – бұл эконом-санатындағы тұрғын үйлер екенін айта кеткен жөн. Бұдан былай Алматыдағы баспананың ең төменгі деңгейі комфорт (III санат) болып белгіленбек.
Тұрғын үй сату жүйелеріндегі ақпаратқа сүйенсек, қазір Алматыда 150-ден астам тұрғын үй салынып жатыр. Олардың шамамен 10%-ы осы эконом-санатына жатады.
Сонымен қатар Алматыда тау бөктері мен жасыл аймақтарға, сондай-ақ үй аулаларына қандай бір нысан салуға тыйым салынбақ. Жаңа ережелерге сәйкес, тұрғын үй аумақтарына қосымша ғимараттар салуға шектеу қойылады. Яғни адам тұрып жатқан кешендер мен аула аумақтарында жаңа тұрғын үй кешендерін немесе басқа ғимараттарды...