Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі азаматтарына Ресейге барудан уақытша бас тартуды ұсынды.
Аталған министрлік Қырғызстан Республикасының Ресей Федерациясындағы дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелеріне ҚР азаматтарының Ресей Федерациясына кіруден жаппай бас тартқанына байланысты хабарламалар түспегенін мәлімдеді.
«Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен шетелдегі мекемелері Ресей Федерациясындағы ахуалды және оның Қырғыз Республикасы азаматтарының құқықтық жағдайына әсерін бақылауда.
Сонымен бірге министрлік Ресей Федерациясына баруға дәлелді себептері жоқ отандастарға бұрын енгізілген қосымша қауіпсіздік шаралары мен мемлекеттік шекара арқылы кіруді бақылау режимі күшейтілгенге дейін оның аумағына барудан уақытша бас тартуды тағы да ұсынады. Ал егер бару керек болса, Ресей Федерациясына кіруге...