«Қазгидромет» қараша айына консультативтік ауа райы болжамын ұсынды. Күздің соңғы айында қазақстандықтарды жиі жауын-шашын, боран мен құбылмалы ауа температурасы күтіп тұр.
Қарашада орташа температура климаттық нормадан 1°С-қа жоғары болады деп күтілуде, дегенмен қыстың лебі сезіле бастайды.
Қарашаның бірінші аптасы – циклон мен қар
Ай басында солтүстік циклонның әсерінен жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, күшті жел мен көктайғақ болады.
Солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде боран соғады, ал батыс аймақтарда қарашаның алғашқы күндерінде жауын-шашын түседі.
Бірінші онкүндіктегі ауа температурасы:
Батыс өңірлер: түнде +2…+7°С-тан -2…-7°С-қа дейін, күндіз +3…+10°С, кей жерлерде +18°С-қа дейін жылы; Солтүстік, орталық, шығыс: онкүндіктің ортасына қарай түнде -7…-15°С...