Қасым-Жомарт Тоқаев су қауіпсіздігі мәселесін әлемдік күн тәртібіндегі басым бағыттардың бірі ретінде атады. Осыған байланысты Қазақстан БҰҰ қамқорлығымен халықаралық су ұйымын құруды ұсынып отыр. Бұл туралы ол Бішкекте өткен «ШЫҰ плюс» саммитінде мәлімдеді.
Президенттің сөзінше, халықтың суға тұрақты қол жеткізуі азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздікке, әлеуметтік тұрақтылық пен экономикалық дамуға тікелей әсер етеді. Дегенмен қазір бұл бағытты толық қамтитын бірыңғай халықаралық үкіметаралық ұйым жоқ. Халықаралық су ұйымы осы олқылықтың орнын толтыруы керек.
Жаңа ұйымның мақсаты – қолданыстағы құрылымдардың жұмысын қайталау емес, олардың күш-жігерін үйлестіру, мемлекеттер арасындағы тұрақты диалогты қамтамасыз ету, ресурстарды жұмылдыру және ортақ шешімдер әзірлеу болмақ.
Сонымен қатар ел...