2026 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстандағы 8 мыңға жуық білім беру ұйымында жаңа оқу жылы басталады. Биыл 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа қабылданады.
Оның ішінде шамамен 296 мың оқушы мемлекеттік мектептерде, тағы 23 мыңға жуығы жекеменшік мектептерде білім алады. Қалалық мектептерге 191 мыңға жуық, ауылдық мектептерге шамамен 128 мың бірінші сынып оқушысы қабылданған. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар 4 мыңға жуық бала да білім беру ұйымдарына қабылданды.
Бірінші сынып оқушыларының ең көбі Түркістан облысында – 50 мыңнан астам бала. Алматы облысында 35 мыңнан астам, Астанада шамамен 33 мың, Алматыда 31 мыңнан астам, Шымкентте 29 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазір Қазақстанда 8048 жалпы білім беретін мектеп жұмыс...