Қазақстанда халықаралық бағдарлама аясында тарихи мекендеу ортасына қайта әкелініп жатқан Кертағының екінші құлыны өмірге келді.
Экология министрлігінің хабарлауынша, бұл жолы Умбра есімді бие құландаған. Қазір Умбра мен оның құлыны мамандардың бақылауында. Олар жануарлардың жағдайы мен мінез-құлқын қадағалап отыр.
Бағдарлама аясындағы алғашқы құлын 2026 жылдың 22 тамызында «Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы «Әліби» жабайы тұяқтыларды реинтродукциялау орталығында туған еді. Екінші төл Қазақстанға жеткізілген жануарлардың далаға бейімделіп жатқанын және табиғи жолмен көбейе алатынын көрсетеді.
Кертағыны Қазақстанға қайта әкеле бастау жұмыстары 2024 жылы басталған. Ол кезде Еуропадан алғашқы жеті жылқы жеткізілді. 2025 жылы тағы жеті жануар келсе, 2026 жылы...