Париждің әйгілі музейі Лувр директоры отставкаға кетті. Лоранс де Карс Франция президентіне отставкаға кету туралы өтініш жолдады, ал Эммануэль Макрон қабылдады деп хабарлады Елисей сарайының баспасөз қызметі.
«Мемлекет басшысы бұл шешімді қолдады. Ол мұны әлемдегі ең үлкен музейге дәл қазір тыныштық пен жаңа серпін керек кезде жасалған жауапты қадам деп бағалады. Себебі музейде қауіпсіздік, жаңғырту және «Лувр – Жаңа өрлеу» жобасы бойынша үлкен жұмыс жоспарланған», – деп жазылған хабарламада.
Франция президенті музей директоры Лоранс де Карсқа іске деген адалдығы үшін алғыс айтты. Лувр басшысы 2025 жылы мұражайды тонағаннан кейін отставкаға кетуге тырысқан. Бірақ елдің мәдениет...