Петропавловда 51 жастағы пациент дәрігердің ескертуінен кейін оған соққы жұмсады, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, оқиға 17 тамызда таңертең қаладағы емханалардың бірінің дәлізінде орын алған.
Полиция мәліметінше, ер адам қабылдауға келіп, дәрігермен өрескел түрде сөйлескен. Мәлімдемеге сәйкес, медицина қызметкерінің ескертуінен кейін пациент агрессия танытып, оның бетінен ұрған.
«Қызметтік міндеттерін атқару кезінде медицина қызметкеріне қатысты күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл – өңірде тіркелген медқызметкерге қатысты күш қолданудың екінші жағдайы», – деді СҚО полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Әлібек Қожахметов.
Яғни Шал ақын ауданында мас күйдегі ер адам ЖКО-дан...