Қазақ телевизиясының ардагері, белгілі журналист Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды. Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.
«Тілеуқабыл Мыңжасар саналы ғұмырын телевизия саласына арнады. Ұзақ жылдар бойы «Хабар» агенттігінің Алматы облысындағы тілшісі болып, өңірдегі маңызды жаңалықтар мен өзекті мәселелерді халыққа жедел әрі сапалы жеткізді. Жоғары кәсібилігі мен азаматтық ұстанымы арқылы талай әріптесіне үлгі болды. Артында көптеген дарынды шәкірттері қалды. Тілеуқабыл Мыңжасардың журналистика саласындағы еңбегі, кәсіби шеберлігі мен отандық телевизияға қосқан үлесі әріптестері мен көпшіліктің жадында мәңгі сақталады», – деп жазылған хабарламада.
Тілеуқабыл Мыңжасар 1952 жылы Түркістанда дүниеге келген. 1975 жылы әл-Фараби атындағы...